«Нағыз Атажұрт» өкілдері партия құрмақ


12/05/2022
16:05 34324 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Қытайда қысым көрген қазақтардың құқығын қорғайтын «Нағыз Атажұрт» ұйымының өкілдері партия құратындарын мәлімдеді. 

 

Мамырдың 12-і күні «Нағыз Атажұрт» өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Оған алпысқа жуық адам қатысты. Ұйым жеткешісі Бекзат Мақсұтханұлы «партия құрудағы басты мақсаттары – жаңа, әділ демократиялық жүйе құруға белсене араласу» деді. Ол партияны тіркеуге құжаттар әзір дайын емес екендігін айтты. 

 

Жиын барысында ұйымның бұрынғы жеткешісі, қазір АҚШ-та тұратын тұратын белсенді Серікжан Біләш видеоүндеу жариялады. 

 

Бұған жейін оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышалин бастаған азаматтар әділет министрлігіне «Алға Қазақстан» партиясын құратындарын айтып, құжат тапсырған. Оның алдында «Ел тірегі» ұйымының өкілдері партия тіркеу үшін құжаттарын өткізген. Қос партияның өкілдері де әділет министрлігінің құжаттарын қабылдамағанын мәлімдеген. 

 

Соңғы уақыттары Қазақстанда партия құрушылардың саны артқан. Әзірге олардың бірде - біреуі тіркелген жоқ. Жанболат Мамай бастаған «Демократиялық партия» өкілдері 2019 жылдан бері тіркеле алмай жүргендерін айтады. Мамайдың өзі қазір «жалған ақпарат тарату», «билік өкіліне тіл тигізу» баптары бойынша қамауда отыр. Жақтастары бұл істің саяси астары бар деп есептейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

12/05/2022 16:05
34324 0

Уведомление